Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортында орналасқан барда болған өрт салдарынан бірнеше адам қаза тапты деп жазады Оzgeris.info.
Бұл туралы RTS телеарнасы Вале кантоны полициясына сілтеме жасап хабарлады.Мәліметке сәйкес, Constellation атты барда өрт Жаңа жыл түні бір немесе бірнеше жарылыстан кейін тұтанған. Қазіргі таңда жарылыстың нақты себебі анықталған жоқ.
Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері дереу жетіп, құтқару жұмыстарына Air-Glaciers компаниясының тікұшақтары, сондай-ақ көптеген жедел жәрдем көліктері тартылған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.