Қоғам

Жамбылда жасөпірімдер арасындағы төбелестен оқушы көз жұмды

Жамбылда жасөпірімдер арасындағы төбелестен оқушы көз жұмды

Жамбыл облысының Байзақ ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдан кейін 2011 жылы туған жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 3 қазан күні сағат 22:00 шамасында Байзақ ауылында болған. Кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 2011 жылы туған жасөспірім алған дене жарақатынан көз жұмды. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Іс департамент басшылығының бақылауында, — деп хабарлады полиция.

Барлық жаңалық