Жамбыл облысында әлеуметтік желі арқылы танысудың соңы сотқа дейін жетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың маусымында қыз TikTok-та бір жігітпен танысып, онымен жиі сөйлесе бастаған. Біраз уақыттан кейін жігіт өзін қиын жағдайда қалғанын айтып, қаржылай көмек сұрайды. Ол Түркияға ота жасатуға баратынын, шығынды оралған соң толық қайтарып беретінін және отадан кейін хабарласатынын уәде еткен. Алайда ол сөзінде тұрмай, байланысқа шықпай қойған.
Сот материалдарына сәйкес, қыздың жігітке аударған сомасы 1,4 миллион теңгеден асып кеткен. Бұдан бөлек, бойжеткен моральдық шығын ретінде тағы 1 миллион теңге өндіріп беруді талап еткен.
Іс Жамбыл аудандық сотында қаралып, тараптар медиативтік келісімге келді. Келісім бойынша, жігіт 1,4 миллион теңге қарызды қайтаруға міндеттелді. Ал қыз қалған талаптарынан бас тартты.