Жаңалықтар

Жамбыл облысында жүк көлігі өртеніп кетті

Жамбыл облысында жүк көлігі өртеніп кетті

Жамбыл облысы «Алматы–Ташкент» автожолының 560 шақырымы Нұрлыкент ауылының маңында жол-көлік оқиғасынан кейін жүк көлігі өртенді.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жуалы ауданының маңында қозғалтқыш майын тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан көлік пен төгілген жанар-жағармай отқа оранды.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жүк көлігі мен төгілген жанар-жағармай толық жанып жатты.

Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде өрт аз уақыттың ішінде түгел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.



Барлық жаңалық