Жаңалықтар

Жамбыл облысында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты

Жамбыл облысында атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты

Оқиға кеше, 29 шілде кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе бұзақылық ниетпен жасалған) қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Барлық жаңалық