Жаңалықтар

Жамбыл облысында әйел пойыз астына түсіп аман қалды

Жамбыл облысында әйел пойыз астына түсіп аман қалды

Жамбыл облысында пойыз астына түскен әйел аман қалды. Қазір ол ауыр жарақатпен аурухана төсегінде жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оқиғаны өз көзімен көрген адамдар жәбірленушінің теміржолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болғанын байқаған. Ол жақындап қалған пойыздың алдынан шыға келген. Машинист ауыр соққының алдын ала алмады.

Шу бекетіндегі көлік полициясы бөлімі осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары 20 шілде күні теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану ережелерін бұзу фактісін ресми тіркеді.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Құқық қорғаушылар жазатайым оқиғаның барлық мән-жайын мұқият анықтауға кірісті.

Барлық жаңалық