Жамбыл облысы

Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыз досынан жүкті болып қалды

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің қатысуымен болған оқиға қоғам назарын аударды, деп жазады ozgeris.info сайты liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында 14 жастағы 9-сынып оқушысы жүкті екені анықталды. Алғашқы күдікті белгілерді анасы байқап, қызына медициналық тексеру жасатқан. УДЗ қорытындысы жасөспірімнің жүкті екенін растаған. Құрсақтағы баланың әкесі де 14 жастағы оқушы болып шықты.

 

Бұл жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі ата-аналарды шақырып, арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда қыз бала мен оның құрдасына мектеп психологтары қолдау көрсетіп жатыр.

 

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас не жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық жаңалық