Жамбыл облысы

Жамбыл облысы полициясының бұрынғы басшысының орынбасары ұсталды

Бұрынғы Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары құзырлы органдардың назарына ілікті. ҚР Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті оны заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұстағанын хабарлайды ozgeris.info сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомство мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 2025 жылғы 29 тамызда Ішкі істер министрінің бұйрығымен ол қызметінен «теріс себептер бойынша» босатылған.

 

ІІМ-де атап өткендей, заң мен антына адалдық танытпаған кез келген қызметкер әшкереленіп, міндетті түрде жауапқа тартылады.

Барлық жаңалық