Жаңалықтар

Жамбыл мен Қостанайда «Қазақтелеком» компаниясының екі қызметкері көз жұмған

Жамбыл мен Қостанайда «Қазақтелеком» компаниясының екі қызметкері көз жұмған

«Қазақтелеком» АҚ 2026 жылдың тамыз айының басында компания қызметкерлерімен орын алған қайғылы өлімге әкеп соқтырған екі қайғылы оқиға жайлы хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

2026 жылғы 4 тамызда Жамбыл облысында арнайы техниканы пайдалана отырып жұмыстарды орындау кезінде Тараз қ. ТҚО СФ қызметкері өлімге әкеп соқтырған жарақат алды.

«2026 жылғы 5 тамызда Қостанай облысында байланыс желісінің бағандарымен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде Әулиекөл ауданының желілік-техникалық цехының қызметкері жарақат алып, көз жұмды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Екі жағдайда да оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары мен уәкілетті органдар дереу шақырылған.

«Екі оқиға да «Қазақтелеком» АҚ үшін ауыр қайғы болды. Жұмыскерлердің қауіпсіздігі компанияның басты басымдығы болып табылады және солай болып қала береді. Компанияда еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар кешені тұрақты түрде іске асырылуда. Сонымен бірге, осы оқиғалардың қорытындысы бойынша мән-жайларға қосымша талдау жүргізілуде, қолданыстағы бақылау шаралары күшейтілуде және болашақта мұндай қайғылы оқиғаларға жол бермеуге бағытталған қосымша алдын алу шаралары іске асырылып жатыр», - делінген хабарламада.

Компания каза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына өзінің терең қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

Қазіргі уақытта екі факт бойынша да уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тергеу жүргізілуде. Компания болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға толық көмек көрсетуде.

Барлық жаңалық