Қоғам

Жалған актілермен жол ақша жымқыру схемасы ашылды

Жалған актілермен жол ақша жымқыру схемасы ашылды

Қаржылық мониторинг агенттігі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді тәмамдады, деп хабарлайды ozgeris.info  qandastar.kz порталына сілтеп.

2023 жылғы наурызда «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Сапак» өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Алайда «Сапак» ӨК директоры мен «Ак-Би» ЖШС директоры сөз байласып, сеніп тапсырылған қаражатты иемденген. Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізіп, іс жүзінде атқарылмаған немесе аз көлемде орындалған жұмыстар үшін бюджет қаражатын алған.

Схема бойынша қаражат күдіктілер арасында бөлінген. Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 млн теңгені құраған.

Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды, оларға «ешқайда кетпеу» және тиісті мінез-құлыққа қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған қоса, бұған дейін сот үкімімен Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп танылған.

Барлық жаңалық