Жаңалықтар

Жайыққа батқан 13 жастағы жасөспірім туралы жайсыз ақпар шықты

Жайыққа батқан 13 жастағы жасөспірім туралы жайсыз ақпар шықты

Атырау облысының Индер ауданында Жайық өзеніне батып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіру жұмыстары екінші күнге жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 5 шілде күні сағат 16:00 шамасында Есбол ауылында болған. Жасөспірім ағасымен бірге өзен жағасына келген. Кейін ол суға батып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Есбол ауылдық округінің әкімі Асхат Тілекқабыловтың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ. Оған құтқарушылармен қатар жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта баланың денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Барлық жаңалық