Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде орын алған жағдай делегаттар арасында пікірталас туғызды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Alash.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жиында сөз сөйлеген Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер:
– Мен қасиетті Израиль жерінен келіп отырмын. Соңғы екі жыл бойы халқымыз ауыр соғыстың ортасында өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл қақтығыстардың дінмен еш байланысы жоқ. Иудаизм өзге діндерге қарсы бағытталмаған, – деді.
Бұл мәлімдеме залда отырғандардың барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Мұсылман дәстүрлі киіміндегі бірнеше делегат наразылық танытып, өз орындарынан тұрып шығып кетті. Ал Түркия өкілдері өз кезегінде басты назарды Газа аймағындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға аудару қажет екенін атап өтті.