Газа секторының орталығында орналасқан Дейр-эль-Балах қаласында Израиль қарулы күштері әуеден және құрлықтан әскери операция жүргізіп жатыр. BBC мәліметінше, бұл аймақта соңғы 20 айда әскери қимылдар болмаған деп хабарлайды ozgeris.info сайты ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әскери операция дүйсенбі күні таңертең басталған. Оған дейін Израиль армиясы қаладағы алты тұрғын ауданның халқына эвакуация туралы ескерту жасаған. Бұл шешім мыңдаған адамның тағы да үйлерін тастап, қауіпсіз жер іздеуге мәжбүр болуына себеп болды.
Қазіргі таңда аталмыш аудандарда Рафах пен Хан-Юнис қалаларынан келген босқындар уақытша орналасқан. Олар бұрынғы қақтығыстар кезінде үйлерінен айырылып, панасыз қалған болатын.
Израильдің бұл әскери қимылы Газа секторындағы шиеленісті жағдайды одан әрі ушықтыра түсті. Бейбіт тұрғындар арасында қорқыныш пен белгісіздік күшейіп отыр.