Жаңалықтар

Испания құрамасы Бельгияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Испания құрамасы Бельгияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Бельгияны ұтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Инглвудтағы "Соу-Фай" стадионында өткен плей-офф матчы 2:1 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда командалар гол алмасты. Испаниялық хавбек Фабиан Руис (30-минут) есеп ашса, бельгиялықтар шабуылшы Шарль Де Кетеларенің (41-минут) дәл соққысының арқасында есепті теңестірді, оған қорғаушы Тимоти Кастань пас берді.

Шешуші гол матчтың соңында соғылды. Оны жартылай қорғаушы Микель Мерино (88) салды. Ол Испанияның Португалияға қарсы ойынында да (1-0) жеңіс голын соққан еді.

Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа екінші таймда жарақат алды. Оның орнына 71-минутта Сенне Ламменс алаңға шықты.

Испания жартылай финалға шықты, енді олар Франциямен кездеседі. Еуро-2024 жеңімпазы мен қазіргі вице-чемпиондар арасындағы матч 14 шіледеден 15-іне қараған түні болады.

Испания әлем чемпионаты басталғалы алғаш рет қақпасына гол жіберіп алды. Құрама қақпашысы Унаи Симонның турнир тарихындағы голсыз рекордтық сериясы 650-минутта аяқталды.

Барлық жаңалық