Әлемдік деңгейдегі концерт тамашалаған Балжан Бидаш әсерін бөлісемін деп сынға қалды. Бұл туралы ozgeris.info сайты жазады.
"Бір киіммен шығып, бірдеме дәлелдеуге тырысқан жоқ. Сонда да бір орнымызда отыра алмадық.
Әнде де, өзінде де мән жатыр. Энергетикасы мықты екен. Маған да осындай масштаб жұғысты болсын", - деді ол.
Осы тұста әншіге желі қолданушылары шабуыл жасады.
"Өл, тіріл бәрібір Кешьюда өлең айтқаның белгілі! Су ішкен құдығыңа түкірме деген бар! Баяннан үйренгенің көп!", "Кешью мықты шоу жасады, сонысымен қызық костюмдарымен де, не айтқыңыз келді бұл сториспен?".
Балжан Бидаш өзін сынағандарға ашумен жауап берді.
"Ішінде тек арамдық, негатив ойлап тұратын, санасы төмендер, бұл концертті мен өзім болған Бейонс сияқты әлемдік әншілермен салыстырдым. Провоцировать етіп, араға от салмай, өз өміріңді сүр!", - деп жазды әнші,