Жаңалықтар

Иранның Жоғарғы көшбасшысы лауазымына жаңа басшы тағайындалды

Иранның Жоғарғы көшбасшысы лауазымына жаңа басшы тағайындалды

Аятолла Арафи Иранның Жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Аятолла Арафи мықты дінтанушы әрі діни әкімші. Алайда Ислам революциясы сақшылар корпусымен (КСИР) және оның азаматтық қанаты саналатын “басидж” жасақтарымен байланысы әлсіз. Сонымен қатар басқа ирандық “қатаң бағыттағы” саясаткерлерден айырмашылығы, олардың жұмысын тікелей танып-білмейді.

Ал дәл қазіргі жағдайда Иран режимінің болашағы көп жағдайда Ислам революциясы сақшылар корпусының ұстанымына тікелей байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Барлық жаңалық