«Бала лифтке кіріп, оғаш дыбыстар шығара бастайды. Кейін қызға жыныстық қатынас туралы сұрақтар қойып, қолымен көрсеткен. Ата-анасына айтарым, міндетті балаңызбен бұл жайлы сөйлесіңіз, - делінген бейне астындағы жазбада.Көптеген желі қолданушылары баланың мінез – құлқының өзгеру себебі ата-аналардың бақылауының болмауы және балалардың ғаламторды еш шектеусіз түрлі бейнелерді көруі деп жазды.
«Бұл жазбаны полицияға тапсыру керек. Қатаң профилактикалық жұмыс жүргізілуі керек», «Қазір порнографиялық бейнелер тым қол жетімді сондықтан болар зорлық-зомбылық көбейіп барады» - деп желіде пікірлер қалдырды жазылушылар.