Жаңалықтар

Интим ұсынды: Бесағашта мас ер адамның қыздың қыр соңынан қалмай қойған (ВИДЕО)

Интим ұсынды: Бесағашта мас ер адамның қыздың қыр соңынан қалмай қойған (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде көпшіліктің ашу-ызасын тудырған кезекті бейнежазба тарап, қызу талқыланып жатыр. Оқиға Бесағашта болған, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Кадрлардан мас күйіндегі ер адамның көшеде келе жатқан бойжеткеннің соңынан қалмай, әдепсіз әрі интимдік сипаттағы ұсыныстар жасағанын анық көруге болады.

Оқиға куәгерлердің назарынан тыс қалмай, олар ер адамның бұл ерсі әрекетін видеоға түсіріп алған. Бейнежазба авторының айтуынша, ер азаматтың ішімдік ішіп, мас болғаны бірден байқалады. Ал аяқасты мұндай жағдайға тап болған бойжеткен өзін қорғансыз сезініп, бейтаныс адамның әдепсіз қылықтарына шыдауға мәжбүр болған.

Бұл жағдай желі қолданушыларының арасында үлкен резонанс тудырып, қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Редакция Алматы облысының полиция департаментіне сұрау жолдады. Құзырлы орган азаматтың жеке басын анықтап, қосымша хабар беретінін жеткізді. 

Барлық жаңалық