Танымал әнші Сәкен Майғазиев өнердегі досы Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айтуынша, әнші инфаркт алған және ота жасауды қажет етеді.
"Ақ Кенжештің @kenzhebekmuzart хәлін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. "Еренсау" @erensau.kz дәрігерлеріне мың алғыс! Кенжебек білікті маман, тәжірибелі дәрігер Алмат Егізеков мырзаның @almat.yegizekov жіті қадағалауында. Екі күн бұрын қатты қысылып, приступ беріпті. Бүгін беті бері қарапты. Алайда, үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар. Бүкіл ҚАЗАҚСТАНның жоғары дәрежелі кардеологтарымен консилиум жасап ортақ шешімге келу керектігін айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді дейді. Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. АЛЛА шипа берсін. Ауырып жатқан жанның ұнжырғасын түсіре бермей, күлкіге көмкеріп, көңіл-күйін көтеріп кету сауапты амалдардан екен. Құлан-таза жазылып аттай шауып жүрсін. Сіздерге де мықты денсаулық тілейміз, ҚАЗАҚ ЕЛІ", - деп жазды ол.
Айта кетейік осыдан бірнеше күн бұрын Кенжебек Жанәбіловтің жүрек қан-тамырлары бітеліп, жансақтау бөліміне түскен.
Оқырмандар өнер иесінің тезірек сауығуын тілеп жазуда.