Индонезияда пешеходтарға арналған аспалы көпірдің салтанатты ашылу рәсімі кезінде тіреуіш арқаны босап кегіп, 50-ден астам адам қауіпті жағдайда қалды,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Батыс Ява провинциясы, Пангандаран округіне қарасты Маргачинта ауылында «Понгпет» деп аталатын аспалы көпірдің ашылуы өтіп жатқан. Құрылысына шамамен 724 мың АҚШ доллары жұмсалған бұл нысанға бір сәтте ондаған адам шыққан кезде, көпір кенеттен қисайып кеткен.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ұзындығы 60 метрге жуықтайтын көпірге ашылу салтанаты кезінде 50-ден астам адам тапжылмай шыққан. Олардың арасында жергілікті билік өкілдері, әскерилер мен ауыл тұрғындары болды. Жұрт көпірден өте бергенде, ұстап тұрған негізгі тростардың бірі бекіткіштен шығып кегіп, салдарынан көпір бір жағына қарай кенеттен аударылып кеткен.
Оқиға орнында әбігерлік пен дүрбелең туындады. Көпірде болғандар тезірек сыртқа шығуға тырысқанымен, бірнеше адам құлап, жеңіл жарақат алды. Дегенмен, негізгі тіреуіш конструкциясы шыдап бергендіктен, көпір толығымен құлап түсуден аман қалды.