🏛️ Саясат

Иманғали Тасмағамбетовтің орнына жаңа бас хатшы тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетовтің орнына жаңа бас хатшы тағайындалды

Қазақстанның өкілі Иманғали Тасмағамбетовтің орнына ОДКБ-ның (Коллективтік Қауіпсіздік Келісімі Ұйымы) жаңа бас хатшысы бекітілді, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

Ақорда баспасөз қызметінің бейсенбі күні саммит қорытындысы бойынша хабарлауынша:

 

«ОДКБ-ның бас хатшысы қызметіне 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалды»,– деп айтылды.

 

Саммитке қатысушылар өз кезегінде бас хатшылық қызметін аяқтап отырған Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді.

 

Саммит барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып, ОДКБ аясындағы ынтымақтастық пен ұйым жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Барлық жаңалық