Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов қазіргі қызметінен кетеді

Иманғали Тасмағамбетов қазіргі қызметінен кетеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы алдағы аптада жаңа бас хатшы тағайындайды, деп жазады ozgeris.info.

3 жылдық мерзімге сайланатын жаңа бас хатшы 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында таңдалады.

Күн тәртібінде есірткі тасымалына қарсы іс-қимыл, заңсыз көші-қонды шектеу, қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен декларацияға қол қою, сондай-ақ 2026 жылы Ресейдің төрағалығы аясындағы басымдықтарды бекіту қаралады.

Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бастап атқарып келді. Бұған дейін ол ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Ресейдің Украинадағы әрекетін қолдайтынын айтып, Қазақстанда сынға қалған болатын. 

Барлық жаңалық