Шоу-бизнес

"Иманғали ағамыз ұрысты": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовтен сөз естігенін айтты

"Иманғали ағамыз ұрысты": Тұрсынбек Қабатов Тасмағамбетовтен сөз естігенін айтты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов үлкен қызы Әдеміні шетелде оқытуға кімнің ықпал жасағанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы ол тұңғыш қызымен әңгімелесу барысында айтты. 

"Иманғали ағамыз маған: Тұрсынбек, сен балаларыңды шетелде оқытпасаң не үшін жұмыс істеп жүрсің, деді. Үй алғаныңа, шетелде қыдырғаныңа мәз болма, бәрін қойып Әдеміні шетелге оқыт, деген. Біз сол баяғы қыздарды үйден шығаруға қорқамыз. Сонда Иманғали ағамыз, қорықпа, керісінше балалар ашылады, деген", деді ол. 

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың тұңғышы биыл диплом алған еді. Мөлдір Мұқанова балаларының қуанышын дүркіретіп атап өтті. 

 

 

Барлық жаңалық