МАҢЫЗДЫ

Илон Маск Еуропа мен Азияның жойылуын болжады

Илон Маск Еуропа мен Азияның жойылуын болжады
Әлемдегі ең бай адам Илон Маск бала туудың төмендігі мәселесін шешу керектігін ескертті, деп хабарлайды Ozgeris.info. Питер Свиден атымен танымал журналист X әлеуметтік желісінде Еуропалықтарға бала тууды арттыру керектігін айтты.
"Еуропаны қайтадан ұлы қылайық. Бізге бала тууды арттыру керек. Барлық әйелдерге бала туғаны үшін орасан зор салық жеңілдіктерін беріңдер", - деп жазды журналист.
Илон Маск журналисттің бұл идеясын қолдап, Еуропа мен Азияның жойылуын болжады.
«Жасап көру керек. Бірдеңе өзгеруі керек, болмаса Еуропа мен Азия (және Жердің көп бөлігі) жойылады!» - деп жазды ол.
 
Барлық жаңалық