Спорт

Хоккейден ел құрамасы алғаш рет өткен Азия чемпионатында топ жарды

Хоккейден ел құрамасы алғаш рет өткен Азия чемпионатында топ жарды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында топ жарды, - деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі. Олег Болякин жаттықтыратын ұлттық құрама соңғы матчта Жапонияны 5:1 есебімен жеңді. Сонымен қатар Оңтүстік Корея құрамасы Қытайдан 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Айналмалы жүйе бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан мен Жапония құрамалары 6 ұпайдан жинады. Алайда біздің хоккейшілер жеке кездесуде жеңіске жеткендіктен, бірінші орынға ие болды. Үшінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленді.
Барлық жаңалық