🌐 Әлем

ХАМАС тірі қалған 10 тұтқынды босатуға келісім берді

ХАМАС тірі қалған 10 тұтқынды босатуға келісім берді

ХАМАС Израильмен бітімге келу келіссөздері аясында тірі қалған 10 тұтқынды босатуға келісім берді. Бұл туралы ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Израиль де осы санды растады. Тұтқындар палестиналық тұтқындарға айырбасталмақ.

 

Сондай-ақ ХАМАС 60 күндік бітім кезінде қаза тапқан 18 тұтқынның денесін қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Қозғалыс негізгі мәселелер — гуманитарлық көмектің жетуі, Израиль әскерінің Газадан шығуы және атысты толық тоқтату туралы талаптарды атап өтті.

 

Бұған дейін Дохада Израиль, АҚШ және Катар өкілдері құпия кездесу өткізген. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткоффтың айтуынша, төрт даулы мәселенің үшеуі шешілген.

 

Алайда келіссөздерге қарамастан, Израиль Газаға шабуылдарын жалғастыруда. Сәрсенбі күні әуе соққыларынан 39 палестиналық, оның ішінде балалар қаза тапты.

Барлық жаңалық