💰 Экономика

Халықтың ақшасын бас банк басқарып отырмақ

Халықтың ақшасын бас банк басқарып отырмақ

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық банктер мен «Қазпошта» азаматтардың шоттары мен қаржылық операциялары туралы деректерді Ұлттық банкке тапсырып отырады, деп жазады Ozgeris.info.

Енді шот ашсаңыз, тегіңізді өзгертсеңіз немесе банкпен жаңа келісім жасасаңыз, барлығы автоматты түрде реттеуші органның базасына түседі. Сонымен қатар ай сайын шоттардағы барлық ақша қозғалысы аударымдар, түсімдер, шешімдер есеп түрінде ұсынылады.

Ресми мәлімет бойынша, бұл ақпараттар жеке деректерсіз  беріледі. Алайда қажет болған жағдайда, мысалы тергеу барысында, құзырлы органдар ЖСН мен БСН-ге дейін толық мәліметке қол жеткізе алады.

Мемлекет бұл өзгерісті көлеңкелі экономикамен күресу, қаржы ашықтығын арттыру және салық түсімін көбейту мақсатында енгізіп отыр.

Барлық жаңалық