Шоу-бизнес

Халықты уайымдатқан Құндыз бен Назгүлдің тағдыры белгілі болды (ВИДЕО)

Халықты уайымдатқан Құндыз бен Назгүлдің тағдыры белгілі болды (ВИДЕО)

Соңғы күндері қоғамда қызу талқыланған Құндыз бен Назгүлдің жағдайы оң шешімін тапты. Зүлфия Төленованың қамқорлығында болған апалы-сіңілілер қауіпсіз ортаға көшірілді. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлайды.

 

Қыздардың жаңа жерге орналастырылуына журналист Руслан Өтепбай тікелей қатысқан. Ол бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, көпшіліктің алаңдаушылығына нүкте қойды.

 

«Құндыз бен Назгүлді қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен қауіпсіз ортаға көшірдік. Қазір қыздар осы жерде болады. Алдағы уақытта олардың жағдайына сай, одан да жайлы әрі тұрақты орын қарастырамыз. Қыздардың тағдырына бейжай қарамай, алаңдап отырған барша қазақ еліне алғысымды білдіремін», – деді Руслан Өтепбай.

 

Барлық жаңалық