Жаңалықтар

Халықаралық бақылаушылар: Қазақстандағы референдум ашық өтті

Халықаралық бақылаушылар: Қазақстандағы референдум ашық өтті

Қазақстанда өткен республикалық референдумды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары жоғары бағалады деп хабар берді ozgeris.info сайты.

Ұйымның бақылау миссиясы референдум барысын бақылау нәтижелері бойынша қорытынды құжатқа қол қойып, өз жұмысын аяқтады.

Миссия өкілдерінің айтуынша, дауыс беру Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық стандарттарға толық сәйкес өткен.

Бақылаушылар референдумның ашық әрі айқын жағдайда ұйымдастырылғанын, ал дауыс беру процесі еркін және заңды болғанын атап өтті.

Сондай-ақ азаматтардың құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылған. Олардың пікірінше, сайлаушыларға құпия және еркін түрде дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған.

Миссия мүшелері Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірқатар дауыс беру учаскелеріне барып, дауыс беру процесін бақылаған. Нәтижесінде референдум барысында қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелмеген.

Бақылаушылар Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы мен учаскелік комиссияларының жұмысына да оң баға берді.

Барлық жаңалық