Қоғам

Грузияда 18 жастағы қазақстандық есірткімен ұсталды

Грузияда 18 жастағы қазақстандық есірткімен ұсталды

Грузияның Имеретия өңірінде есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау және ірі көлемде тарату ісі бойынша Қазақстан мен Украина азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Күдіктілер – 2008 жылы туған жігіт пен қыз. Олар әртүрлі уақытта қолға түскен.

Грузия Ішкі істер министрлігінің 25 сәуірдегі мәліметінше, тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатумен айналысқаны анықталған.

Тінту кезінде күдіктілер уақытша тұрған жерден есірткі заттары тәркіленді. Сондай-ақ тергеу эксперименті барысында олар метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды көрсеткен.

Министрлік күдіктілерді ұстау сәті түсірілген видеоны жариялады. Полиция өзге де заттай айғақтармен қатар есірткіні өлшеуге және орауға арналған құралдарды тәркілеген.

Аталған дерек бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260(4) баптарымен іс қозғалды. Бұл баптар 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Барлық жаңалық