✅ Пайдалы

Грантқа түсе алмағандарда қандай үміт бар?

Биыл 113 мыңнан аса талапкер мемлекеттік грантқа үміткер болды. Алайда олардың тек 77 мыңы ғана тегін оқу мүмкіндігіне ие болды. Қалғандарына не істеу керек? Бұл сұраққа Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп жазады Ozgeris.info. 

Министрдің айтуынша, грантқа ілінбей қалған талапкерлер үшін басқа да жолдар бар. 

Мәселен, жоғары оқу орындары өз тарапынан 2000-ға жуық ректорлық грант бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар әкімдіктер 1700-ден астам өңірлік грант қарастырған. Ал «Қазақстан халқына» қоры, KAZENERGY, «Қазатомпром» секілді ұйымдар әлеуметтік осал топтарға арналған арнайы гранттар ұсынады.

Саясат Нұрбек ақылы бөлімге түсіп, кейін жақсы оқысаңыз, мемлекеттік грантқа ауысуға болатынын да еске салды. 

«Ең бастысы, үмітіңізді үзбеңіз. Таңдаған бағытыңыздан таймай, талпынысты тоқтатпаңыз», деді министр.

Барлық жаңалық