Жаңалықтар

Германияға кибершабуыл жасаған күдікті Алматы облысының тұрғыны болып шықты

Германияға кибершабуыл жасаған күдікті Алматы облысының тұрғыны болып шықты

Германия аумағында жасалған ірі кибершабуылға қатысты күдікті қазақстандық болып шықты, деп хабарлайды Оzgeris.info агенттігі КазТАГ-қа сілтемемен.

 

Ұлттық қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 9 желтоқсанында Бас прокуратураның үйлестіруімен және Германияның Федералдық қылмыстық полициясымен бірлескен арнайы операция жүргізілген. Нәтижесінде Алматы облысында Германиядағы банктік шоттар мен азаматтардың дербес мәліметтеріне заңсыз қол жеткізді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды.

 

Алдын ала деректер бойынша, келтірілген материалдық шығын бірнеше жүз мың еуроға жетеді.Тінту барысында түрлі деректерді сақтайтын техникалық құрылғылар мен өзге де айғақтар тәркіленген. Қазір аталған факті бойынша тергеу жалғасуда.

Барлық жаңалық