Жаңалықтар

Геннадий Головкин Моңғолияның жоғары марапатына ие болды

Геннадий Головкин Моңғолияның жоғары марапатына ие болды
Моңғолия Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысымен кездесу аясында Моңғолия тарапы Геннадий Головкинге "Алтан Очир" марапатын табыстады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан мен Моңғолия Ұлттық олимпиадалық комитеттері басшылығының кездесуі өтті. Қазақстан делегациясын Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев бастап барды. Ал, Моңғолия тарапынан Чойжгаваагийн Наранбаатар және Бадар-Ууган Энхбат қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, спорт ұйымдары арасындағы серіктестікті кеңейту және меморандумға қол қою мәселелерін талқылады.

Геннадий Головкин өз сөзінде екі ел арасындағы достық пен өзара іс-қимылды нығайтудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық делегация Олимпиадалық музейді аралап, тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін растады.

Барлық жаңалық