Солтүстік Македониямен өткен матч алдында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары ерекше жанашырлық пен құрмет көрсетті. Ұлттық ән орындалып, матч басталуды күтетін сәтте көп балалар суықтан дірілдеп тұрды. Сол кезде Қазақстан футболшылары өз киімдерін шешіп, балаларды орап, жылытты деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Бұл қарапайым, бірақ мәні үлкен әрекет әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің жылы пікірін тудырды. Көрермендер мен спорт жанкүйерлері Қазақстан командасының бұл қимылын «шын жүректен шыққан мейірімділік пен адамгершілік үлгісі» деп бағалады.
Айта кетейік Солтүстік Македонияға қарсы ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын.