Жаңалықтар

Фурманова, Ленина, Мира: Алматы көшелерін қазақша айтудан бас тартқан блогердің басы дауға қалды

Фурманова, Ленина, Мира: Алматы көшелерін қазақша айтудан бас тартқан блогердің басы дауға қалды

Блогер Айгерім Бердалиева Алматыдағы көшелердің бұрынғы атаулары туралы дөрекі пікір білдіріп, әлеуметтік желіде дау тудырған жазбасын кейін өшіріп, көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Осы жағдайдан кейін Eurasian Fashion Week (@efw.kz) блогердің мәлімдемесіне еш қатысы жоқ екенін және оның жеке парақшасында білдірген ұстанымын қолдамайтынын мәлімдеді. Ұйым ақпарат белгілі болғаннан кейін Айгерім Бердалиеваның қатысуымен дайындалған барлық материалдарды Алматы қаласындағы экрандар мен билбордтардан алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Осылайша, блогер кешірім сұрағанымен, оның даулы жазбасы салдарынан Eurasian Fashion Week онымен байланысты жарнамалық материалдарды алып тастап, ынтымақтастықты тоқтатқан.

Барлық жаңалық