Спорт

Еуропаға кетеді деген Темірлан Анарбековтің болашағы белгілі болды

Еуропаға кетеді деген Темірлан Анарбековтің болашағы белгілі болды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков командамен жаңа келісімшартқа отырды. Бұл туралы Оzgeris.info сайты «Қайрат» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

22 жастағы қазақстандық қақпашы «Қайратпен» келісімін 2028 жылдың қарашасына дейін ұзартқан. Осылайша, еуропалық клубтарға ауысуы мүмкін деген әңгімелерге қарамастан, Темірлан Анарбеков алдағы жылдары да алматылық клуб сапында өнер көрсететін болды.

 

Қазіргі таңда Анарбеков командамен бірге Англияда өтетін Чемпиондар лигасындағы шешуші матчқа дайындалып жатыр. «Қайрат» бұл ойында Лондонның «Арсенал» клубына қарсы алаңға шығады.

 

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков соңғы маусымда тұрақты ойын өрнегімен көзге түсіп, клубтағы негізгі қақпашылардың біріне айналды.

Барлық жаңалық