🌐 Әлем

Euronews еліміз туралы екі жаңа бағдарлама түсірді

Euronews еліміз туралы екі жаңа бағдарлама түсірді

Euronews телеарнасы Қазақстанның туристік әлеуетін көрсететін Modern Nomads жобасының екі жаңа эпизодын түсіріп бітірді. Бұл жолы түсірілім тобы Байқоңыр мен Катон-Қарағай өңірлеріне барды. Эфирге шығуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған, деп жазады Ozgeris.info.

Байқоңырдағы эпизодта команда ғарыш айлағында өткен зымыран ұшыру сәтін түсіріп, көрерменге “Гагарин старты”, “Буран” кемесі, Байқоңыр музейі және отын құю кешені секілді нысандарды көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламаға Қызылорда облысындағы Корқыт ата мемориалы мен облыстық музей де енген.

Екінші эпизод Катон-Қарағай ұлттық паркін таныстырады. Euronews тобы Рахман қайнары, Көккөл сарқырамасы, Ұрыл мен Коробиха ауылдарын аралап, халық медицинасын, пантамен емдеу мен апитерапияны, сондай-ақ жергілікті табиғи өнімдерді түсірген.

Kazakh Tourism бұл жобаны Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін шетелдік аудиторияға кеңінен таныту үшін ұйымдастырғанын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Катон-Қарағайға туристер ағынын шектеу мәселесі қозғалған еді.

Барлық жаңалық