Қоғам

ЭЦҚ мен СМС-кодтарды беру алаяқтыққа әкелуі мүмкін

ЭЦҚ мен СМС-кодтарды беру алаяқтыққа әкелуі мүмкін

Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір делдалдар мен «сұр сатушылардың» мобильді құрылғыларды тіркеу немесе верификациялау қызметін ұсынып, азаматтардан электрондық цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) және жеке деректерге қолжетімділік сұрайтыны туралы ақпарат таралуда.

Мамандардың айтуынша, ЭЦҚ-ны, құпиясөздерді немесе жеке кабинетке кіру мүмкіндігін үшінші тұлғаларға беру өте қауіпті. Мұндай әрекет алаяқтыққа, азаматтың рұқсатынсыз құжат рәсімдеуге және басқа да заңсыз әрекеттерге әкелуі мүмкін.

Әсіресе, белгісіз адамдар немесе делдалдар:

  • «құжаттарды сіздің орныңызға рәсімдеп береміз»;
  • «құрылғыны тез верификациялап береміз»;
  • «өтінімді өз жүйеміз арқылы жібереміз»;
  • ЭЦҚ немесе СМС-кодтарды сұраса, сақ болған жөн.

Мұндай ұсыныстар көбіне күмәнді немесе заңсыз схемалармен байланысты болуы мүмкін.

Сондықтан жеке деректерді енгізу және растау сияқты барлық рәсімдерді тек ресми платформалар арқылы өзіңіз жасаған дұрыс. Бұл бірнеше минут қана уақыт алады және цифрлық қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі.

Мамандар азаматтарды жеке деректерін қорғауға және ЭЦҚ-ны ешқашан бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Барлық жаңалық