Қоғам

"Ешкімнен ақша сұраған жоқпын": Арман Дүйсеновтің әйелі тосын жазба жариялады (ФОТО)

"Ешкімнен ақша сұраған жоқпын": Арман Дүйсеновтің әйелі тосын жазба жариялады (ФОТО)

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтің жұбайы Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы уақытта бастан өткерген қиын кезеңі туралы жазып, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Оның айтуынша, ол ешкімнен қаржылай көмек сұрамаған, тек сот шешімінің әділдігіне қоғам назар аударып, пікір білдірсе деген ниетте болған. Айсұлу ханым сондай-ақ ауыр сәтте өзін қолдаймыз деген кейбір жандардың кейін сырт айналып кеткенін жеткізді.

"Дос кім, туыс кім? Басыңа іс түскенде біледі екенсің. Мен ешкімнен ақша сұраған жоқпын, тек менің жағдайыма қатысты соттың шешімі әділ ме соған пікір білдіріп, қолдау жасаңыздаршы дедім. "Маған сенім артуыңа болады" дегендердің көбі бұл жағдайда сырт айнала салды. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, өздері біліп отырған шығар... Алланың мейірімі шексіз ғой, тар жол, тайғақ кешіп жүргенде, жүрегінде иманы бар жандарды жолықтырып, жарға келіп тірелген тірліктің оңға қадам басуына бар көмегін көрсеткен, Қайрат Реимов мырзаға, басқа да азаматтарға айтар алғысым шексіз. Жаратқан жандарыңызға нұрын шашсын, Алла разы болсын", – деп жазды Айсұлу Айданқызы. 

Барлық жаңалық