Атырау облысы

«Ешкімге айтпаңдар»: Атырауда мұғалімдердің оқушылар төбелесін жасырмақ болған

«Ешкімге айтпаңдар»: Атырауда мұғалімдердің оқушылар төбелесін жасырмақ болған

Атыраудағы «Тағылым» жеке мектебінде 11-сынып оқушысы сыныптастарының итеруінен кейін басынан жарақат алды деп хабарлайды Оzgeris.info. Оқушы қыз құлап, басын унитазға соққан. Оның туыстары желіде басы таңылған суретін жариялады.

 

Алғашында қыз отбасысына «тайып құладым» деп айтқанымен, кейін оны басқа оқушылар итергені белгілі болған. Туыстарының айтуынша, «оқиғаны жасыру үшін қан жуылып, бүкіл сыныпқа үндемеу керектігі ескертілген».

 

Мектеп әкімшілігі жағдайды мойындап, қыздың «тайып құлады» деп құлағанын айтса да, ішкі тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

 

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті кәмелетке толмаған оқушыны анықтады. Оқиға туралы отбасына кеш хабарлағаны үшін сынып жетекшісі мен директордың ісі бақылау департаментіне жолданды.

Барлық жаңалық