Әлеуметтік желіде бейтаныс әйелдің танымал продюсер Баян Алагөзованы (бұрынғы Есенатаева) лифтіде кездестіріп қалған сәті кеңінен тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол қуанып, телефон камерасын қосып:
«Мен лифтіде Баян Есентаевамен тұрмын!», – деп айқайлаған.
Алайда Баян бірден жылы жымиып:
«Алагөзова, күйеуімнің тегі – Алагөзов», – деп түзеткен.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
"Аузын жауып тастады ғой", "Миымызда Есентаев деп қалып кеткен", "Түк көрмегендей не болыпты Баян болса", "Күлкісі қандай жасанды, сұмдық", - деді ол.