Қоғам

«Еркексымақтар көрсін»: Руслан Өтепбайдың жауабы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

«Еркексымақтар көрсін»: Руслан Өтепбайдың жауабы жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Құндыз есімді қыздың «Мен Русланды пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын» деген сөздері айтылған видео тарағаннан кейін, журналист Руслан Өтепбай жағдайға қатысты өз ұстанымын жария етті леп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Оның айтуынша, қазір желіде тарап жатқан бейнематериалдарға асығыс баға беріп, арандатуға ермеу қажет. Журналист бұл жағдайды пайдаланып, психологиялық тұрғыда әлсіз қызды әдейі алға шығарып, қоғамда жағымсыз пікір қалыптастыруды көздеген адамдар бар екенін атап өтті.

 

«Қазіргі кезде әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоларға назар аудармауларыңызды сұраймын. Оны таратып жатқан адамның мақсаты – психологиялық тұрғыдан әлсіз қызды пайдаланып, жаманатты ету. Сондықтан артық арандатуға ермейік. Қарындасымның еркелігін көтере алмасам, несіне аға болып жүрмін», – деді Руслан Өтепбай.

 

Журналистің сабырлы әрі адамгершілікке негізделген жауабы желі қолданушыларының оң бағасына ие болды. Көптеген оқырман оны мейірімді, жауапкершілікті азамат ретінде атап, кәсіби ұстанымына ризашылықтарын білдіріп жатыр.

 

Руслан Өтепбайдың әрекетін нағыз ер азаматқа тән қадам деп бағалап, пікірлерінде оны үлгі ретінде атап өтуде. Көптеген қолданушы:

 

«Ер азамат Руслан ағадай болсын», «Еркексымақтар көрсін, ер адам осындай болуы керек», «Осындай сабыр мен парасат бар жерде жағдай ушықпайды»деген мазмұндағы пікірлер қалдыруда.

 

Барлық жаңалық