Шоу-бизнес

«Еркек жасайтын тірлік емес!»: Әнші Мирас құдалықта сынға қалды (ВИДЕО)

«Еркек жасайтын тірлік емес!»: Әнші Мирас құдалықта сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әншілер Мирас пен Құралай қыздарына күні кеше сырға салынған еді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иелері жаңа құдаларын күткен. 

Алайда Мирас желіде сынның астында қалды. 

Әнші құдаларға құйрық-бауырды өзі асатып, "қуыс үйден құр шықпа" сыйлығын да өзі таратқан. 

Көпшілік мұның ер адам атқаратын шаруа емес екенін жарыса жазуда. 

"Құйрық-бауырды әпке-жеңгелер асатады ғой", "Ер адамның құйрық-бауыр асатып жүргені біртүрлі екен", "Жеңгелер бар ғой неге жағаласып жүр", "Табаққа ақша салғызып, әйелдер асатады емес пе", "Ер адамның асатуын бірінші рет көруім, ерсі екен", "Қуыс үйден құр шықпаны Мирас айта ма", "Әйелдер не істеп жүр", "Мирас, отырсаңшы ұсақталмай", "Ер адам атқаратын қызмет емес", - деп жазды оқырмандар. 

  

Барлық жаңалық