Спорт

Еркебұлан Тоқтар Тамирлан Тілеулеске «байғазы» берді

Еркебұлан Тоқтар Тамирлан Тілеулеске «байғазы» берді

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы, таеквондошы Тамиран Тілеулесті тарихи жеңісімен құттықтап, оған 100 АҚШ долларын «байғазы» ретінде сыйлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында жас спортшымен кездескен сәттің видеосын жариялады. Кездесу барысында Тамиран алтын медалін көрсетсе, Тоқтар қуанышты оқиғаға орай оған ақшалай сыйлық табыстады.

Тамиран Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Оман, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларын жеңді. Финалда филиппиндік Курт Брайан Барбосадан 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Тамиран Қазақстан тарихында жазғы Азия ойындарында таеквондодан алтын медаль иеленген алғашқы спортшы атанды.

Барлық жаңалық