Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris info.
Өнер иесі оқырмандарына алғыс білдіріп, ақ тілегін білдірді.
«Сәби Мөлдір, ерке Мөлдірді оятқан әрбір оқырманыма алғыс айтамын, рас сіздер еркелеткенде өзімді бөпе, сәби сезінемін. Білсеңіздер ғой, сіздерді қалай жақсы көретінімді. Қай жаққа барсам да үлкендер маңдайымнан сүйіп, арқамнан қағып еңсемді көтеріп жібереді. Қатарлас құрбыларым шайға шақырып, сүйіспеншілігін сыңыл кеуделеріне қысып құшақтап жатады. Кішілер де суретке түсіп, сыйлап, құрмет көрсетіп жатады. Инстаоқырмандарым, сіздер тіпті ерекшесіздер. Маған беріп отырған баталарыңыз қабыл болсын. Жақсы тілектеріңіз мені керемет қанаттандырып жүр. Абырой Алладан әрине. Мені осылай жаратты, осы бар болмысыммен қабылдағандарыңыз үшін, кең жүректеріңіз үшін рақмет айта бергім келеді. Ана ретінде, адам ретінде еліме пайдам тисе, құнды қызмет жасасам деген ниетімді, Жаратушым қабыл ете гөр!»,– деді ол.