Жаңалықтар

Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмазбен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысын өткізіп жатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

"Түркі дүниесінің алтын бесігі – Ұлы дала кеңістігі ортақ тарих пен рухани құндылықтардың тоғысқан мекені. Қазақстанға жасалған әр сапар тек ресми кездесу ғана емес, тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сіздерді Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысында қарсы алғаныма қуаныштымын", – деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов мемлекеттеріміздің көшбасшылары арасында игі дәстүрге айналған шынайы достық екіжақты қатынастарды тереңдетуге берік негіз қалағанын баса айтты.

"Біздің Президенттеріміз – құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған өзара сапарлар мен халықаралық іс-шаралар аясында үнемі кездесіп тұрады. Бұл ретте Түркия Президентінің мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуін ерекше күтудеміз. Бүгінгі үкіметаралық комиссияның отырысы Түрік мемлекеті басшысының алдағы сапарының мазмұндық бөлігіне сүбелі үлес қосып, жаңа бастамаларды айқындауға ықпал етеді деп сенемін", – деді Премьер-министр.

Барлық жаңалық