Қоғам

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

Алматы қаласының экс-әкімі, қазір Президент әкімшілігінде жұмыс істейтін Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Дереккөзге сүйенсек, ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған көрінеді.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Қазір «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі — тәуелсіз директор.

Барлық жаңалық