Жаңалықтар
Енді онлайн микронесие алу қиындай түседі
28.10.2024
575
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде биометриялық сәйкестендірумен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбаны міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов депутаттардың сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін бір топ Мәжіліс депутаты елдегі киберқылмыстың деңгейіне алаңдаушылық білдіріп, несиелеу кезінде алаяқтық оқиғалары жиілегенін айтқан болатын. Олар онлайн несиелерге тыйым салуды ұсынды.
"Тек нақты шараларды қолдану арқылы ғана электрондық несие беру саласындағы алаяқтықтың одан әрі тамыр жаюын жоя аламыз. Ұлттық Банкке азаматтарға электронды несие беруге тыйым салу арқылы банктік қызмет тетіктерін алаяқтық құралы ретінде пайдалануды болдырмау үшін шаралар қабылдауды ұсынамыз", - делінген депсауалда.
Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, соңғы жылдары алаяқтық схемалардың өсуіне байланысты мемлекеттік органдар алаяқтықтың алдын алуға және онымен күресуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдады.
"Мәселен, 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банкі мынадай жұмыс жүргізді. Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендірусіз электрондық тәсілмен банктік қарыз және микрокредит беруге тыйым салу белгіленді. Банктердің клиенттерді оның шотына қарыздың түскені туралы хабардар ету және клиенттерге үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару кезінде алаяқтықтың ықтимал қаупі туралы хабарлау міндеті енгізілді. Банктер мен микроқаржы ұйымдарына мобильді қосымшаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, оның ішінде клиенттің мобильді құрылғысында қашықтан басқару бағдарламаларын пайдалану кезінде немесе қауіпсіздік функциялары (Jailbreak, root access) бұзылған кезде қосымшаны бұғаттау, сондай-ақ қосымшада ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыру барысында геолокациялық деректерді жазуды жүзеге асыру міндеті күшейтілді", - делінген жауапта.
Бүгінде 700 мыңға жуық қазақстандық қарыз алудан ерікті түрде бас тарту құқығын пайдаланған.
Тимур Сүлейменов кредиторлардың тергеу іс-шараларын жүргізудің бүкіл кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұру бойынша міндеті көзделгенін еске салды.
"Банктер мен микроқаржы ұйымдары нақты уақыт режимінде кредитті ресімдеуге арналған өтініштер бойынша мәліметтерді кредиттік бюроға беру міндеті енгізілді. Онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңбаны да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Сондай-ақ микроқаржы ұйымдары үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банктік шоттың немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі", - деді Ұлттық банк басшысы.
Ақпаратқа сәйкес, бүгінде банктер мен микроқаржы ұйымдарында тексерудің кемінде екі әдісін, биометрияны және ЭЦҚ-ны пайдалану қажеттілігі туралы талаптар белгіленген. Бұдан басқа банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жіберіп, клиентті үш факторлы тексеру жүзеге асырылады.
"Онлайн-кредиттерді беру рәсімдерін қатаңдату бойынша қабылданатын шараларды, сондай-ақ жаңа заңнамалық нормалар бойынша практикаларды пысықтау қажеттілігін ескере отырып, толық тыйым салуды енгізуге әрі ерте және ол азаматтар мен бизнестің қаржылық қызметтерге қол жеткізуіне кері әсерін тигізуі мүмкін деп пайымдаймыз", - деді Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов.
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
-
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
"Шіркін-ай, деп қарадым": Сәкен Майғазиев екінші әйел алғысы келгенін айтты16:07, 06 маусым 2026
-
-
-
-
Бүгін Қазақстан футбол құрамасы Армениямен кездеседі18:10, 06 маусым 2026
-
Бурабай жолындағы қауіпті сапар: видео түсірмек болған қыздар мен жүргізуші жазаланды09:05, 07 маусым 2026
-
-
-
Қаратерек ауылындағы қауіп: Өзен жағалауы опырылып, үйлерге жақындап келеді12:07, 07 маусым 2026
-
Алматының шырқын бұзған жасөспірімдер Астанада жүр. Желіде даулы ақпарат тарады13:12, 07 маусым 2026
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
-
"Бұрынғы әйелі ме": Жұмабек Жанықұлдың отбасымен түскен суреті тарады (ФОТО)15:41, 01 маусым 2026
-
-
-
"Алланың лағнеті болсын!": Қазақстандық әжей "Кешью" тобын қарғады (ВИДЕО)12:40, 03 маусым 2026
-
"Айгүлдің өзін итерем..н депті": Заңгер танымал кәсіпкердің сұмдығын жария етті15:03, 02 маусым 2026
-
-
"Очко жинамай-ақ қойшы": Ләйлә Сұлтанқызы Мөлдірді қорғаймын деп сынға қалды10:54, 02 маусым 2026
-
Интим видеосы тараған Хан тамада темір торға түсті17:39, 02 маусым 2026
-
-
-
-
"Әкесімен жасты ғой": Гүлнұр Оразымбетова күйеуінің 70 жасын тойлады (ВИДЕО)10:02, 28 мамыр 2026
-
-
"Жеңгеміз сұлу екен": Нұрлан имам өзінің отбасын көрсетті (ФОТО)11:26, 14 мамыр 2026
-
-
"84 млн қарызы бар": Байырбекова ұлының үлкен сынаққа тап болғанын айтты (ВИДЕО)09:49, 05 маусым 2026
-
"Омырауынан сүйемін": Тоқтар Серіковтің сұхбатта айтқаны жұртты шошытты (ВИДЕО)09:51, 15 мамыр 2026
-