Танымал әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында өзінің өміріндегі оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айтуынша оған ең жақын адамы иттік жасаған.
"25 жыл бойы бір құрбыммен өте жақын араластым. Өліп жақсы көрдім. Қай жерге бармасын "Сен кереметсің, ақылдысың" деп айтып отыратынмын. Дәл сол құрбымнан 7жыл бұрын бірінші рет сигнал алдым. Үлкен алаяқтық жасады. Мен шыдамай бетіне айттым. Сол кезде ол аяғыма жығылып, кешірім сұрады. Менің компаниямда директор қыздың кетуіне де ықпал етті. Ол қызды ақыры кетіріп тындырды. Тағы да кейін жүрек бірдеңені сезді. Бірақ құрбым өмірімнен түбегейлі жоқ болып кетті. 1жыл 7 ай өтті әлі күнге дейін жоқ. Себебі ол құрбым менің мінезімді біледі. Мен бетіне күліп жүре алмаймын. Мен бетке айтамын бәрін. Ол нәрседен де қорқуы мүмкін. Екіншіден өзінің күнәсін білгендіктен алыс жүрейін деп ойлауы мүмкін. Иттік, пасықтық жасау адамның білімділігіне, сыйы барлығына қарамайды. Ол жүрегің ақ па, қара ма соған қарайды. Күнделікті өмірде бұл адамнан иттік, жамандық шығады деп ойламайсыз. Себебі әдемі сөйлейді, әдемі жүреді. Адам аласы ішінде. Менімен жарыса бастады кейін. Неге ол тұрмысқа осы жасында шығадым, мен шықпаймын деген. Артыңнан пышақ сұғып, бетіңе сенің нөмірі бірінші жанашырың болады. Барлық мақтау мен махаббат Аллаға ғана тән. Сондықтан енді ешкімді Алладан артық жақсы көрмеу керектігін түсіндім", - деді әнші.