Астана қаласы

Елордадағы коттедж қалашығында өрт шықты

Елордадағы коттедж қалашығында өрт шықты

Астананың коттедж қалашығында жеке тұрғын үй аумағында өрт тіркелді, деп хабарлайды Оzgeris.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

 

Ведомство мәліметінше, оқиға елорданың Есіл ауданында, Ұлы Дала даңғылы бойында болған. Жеке тұрғын үй аумағында өрт шығып, оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған.

 

Өрт толықтай сөндіріліп, жалын шамамен 40 шаршы метр аумақты қамтыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жеке аумақта орналасқан жазғы үйден шыққан. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Барлық жаңалық